Қостанайлық "Тобыл" командасының спорттық директоры Нұрбол Жұмасқалиев Қазақстан жастар құрамасы бапкерлерінің қатарына қосылды, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы.
Қостанайлық команданың бұрынғы шабуылшысы Дания құрамасына қарсы кездесуде Қайрат Нұрдәулетовке көмектесетін болды.
Еске салайық, бұған дейін бас бапкердің көмекшісі қызметін Андрей Ферапонтов атқарған еді.
40 жастағы Жұмасқалиев карьерасында екі рет - 2005 және 2010 жылдары Қазақстанның үздік ойыншысы атанған. Қазақстан чемпионатында ол 20 маусым өнер көрсетіп, 521 кездесуде 166 гол соққан.