Бұл күндері Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп "Зенит" клубымен Португалияда оқу-жаттығу жиындарында жүр, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Қайрат" ойыншысы ресейлік командамен екінші рет жиындарға шақырылғанын айта кеткен жөн. Осыған дейін Әліп питерліктер сапында Испаниядағы қаралымда болған еді. Бас бапкер Сергей Семактың көңілінен шыққан Маңғыстау футбол мектебінің түлегі жаттығу кезінде кезінде өзін сапалы ойыншы ретінде көрсетіп жүр. Тіпті төмендегі видеода кезінде "Барселонада" ойнаған Малкомнан допты оңай тартып алғанын байқауға болады. Сонымен қатар, Артем Дзюбаны сан соқтырып, қақпаға доп тепкен сәтін көруге болады.