"Зениттен" кеткен Ярослав Ракицкий Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін, деп жазады "Р-Спорт".
Инсайдер Ягыз Сабунчуоглудың айтуынша, украиналық футболшы "Истанбул Башакшехир" клубымен келіссөздер жүргізуде.
2 наурыз күні "Зенит" қорғаушының клубтан кеткенін мәлімдеген еді. Елдегі саяси жағдайға байланысты Ракицкий келісімшартты үзуді өзі сұранған.
Еске салайық, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп қысқы оқу-жаттығу жиынында Санкт-Петербургтің басты командасына ауысқан болатын. Осы уақыт аралығында "Қайраттың" экс-ойыншысы "Зенит" сапында екі матч өткізді.