Нұралы Әліптің "Зенитке" қашан қосылатыны айтылды

©"Зенит" ФК

Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп жаңа маусымға дайындықты бастау үшін "Зенит" сапына қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы "Матч ТВ" арнасына сілтеме жасап. 

Әліп басқа бірнеше футболшылармен бірге "Зениттің" "Нижний Новогород" командасына қарсы жолдастық кездесуіне қатыспады. 

Енді отандасымыз петербургтік команданың 25 маусымға жоспарланған "Сочига" қарсы кездесуіне қатысуы мүмкін. Бұл ойын "Санкт-Петербург қаласында болады. Ал 29 маусым күні "Зенит" Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсететін ЦСКА командасына қарсы ойнайды. Матч Мәскеу қаласында болады. 

Еске салайық, Әліп "Зенит" сапына "Қайраттан" жалға ауысқан болатын. Оның ресейлік командамен келісімшарты 2022 жылдың соңында аяқталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport