Нұралы Әліптің "Зенит" сапындағы екінші голынан кейін бас бапкер пікір білдірді

Зенит ФК

"Зенит" бас бапкері Сергей Семак "Брондбю" клубына қарсы матчта гол соққан Нұралы Әліптің ойынына бағасын берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Португалияда жыл сайын өтетін Атлантик Кубогінің (Atlantic Cup) турнирінде "Зенит" пен даниялық "Брондбю" кездесіп, ресейліктер 2:1 есебімен жеңіске жетті.

- Бүгін Әліп гол соқты. Ол "Зенитте" қалатынын білген соң өзіне деген сенімі артты деп ойлайсыз ба?

- Нұралы Әліп осыған дейін де сенімді ойынымен көңілімізден шыққан еді. Ол бірінші және екінші голдарынан кейін шабуылға жақсы араласа алатынын дәлелдеді. Алдағы уақытта қорғаныста жақсы доп тебуі үшін жұмыс істейміз, - деді Семак клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының қорғаушысы осыған дейін Данияның тағы бір командасы "Мидтьюлланд" қақпасының саңылауын тапқан болатын.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport