Нұралы Әліптің трансферлік нарықтағы құны қанша екені айтылды

©"Зенит" ФК

Ресейлік "Зенит" командасы "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қорғаушы Нұралы Әліпті қанша ақшаға сатып алуға мүмкіндігі бар екені айтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

ZenitCafe телеграм-арнасының ақпараты бойынша, Санкт-Петербург қаласының намысын қорғайтын команда Әліпті үш миллион долларға сатып алып, толық келісімшарт жасауына мүмкіндігі бар. 

Айта кетейік, қазақстандық қорғаушы "Зенит" сапында 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалға берілген болатын. 

Еске салайық, қазіргі уақытта Transfermarkt порталы 22 жастағы қорғаушыны 1,7 миллион еуроға бағалап отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар