Нұралы Әліптің командасы қонақта "Краснодарды" ұтты
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей чемпионатының 26-турында "Зенит" командасының жеңіске жетуіне үлес қосты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей чемпионатының 26-турында "Зенит" командасының жеңіске жетуіне үлес қосты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Краснодар" стадионында өткен кездесуде петербургтік ұжым 1:3 есебімен жеңіске жетті. "Зенит" сапында Иван Сергеев (35-минут), Малком (42-минут) және Магомед Оздоев (88-минут) гол соқса, алаң иелерінен Ираклий Манелов (73-минут) ерекшеленді.
Әліп негізгі құрамда алаңға шығып, 90 минут бойы ойнап шықты.
26-турдан кейін "Зенит" 58 ұпаймен көш бастап тұрса, 6 ұпайға қалып келе жатқан "Динамо" екінші орынға жайғасты. Бахтиер Зайнутдинов ойнайтын ЦСКА болса 47 ұпаймен үшінші орында келеді.
Жарнама