Нұралы Әліптің командасы жаңа футболшымен келісімшарт жасады
Ресейлік "Зенит" командасының бас директоры Александр Медведев жартылай қорғаушы Зелимхан Бакаевпен келісімшарт жасағанын хабарлады, деп жазады "Спорт-Экспресс".
Ресейлік "Зенит" командасының бас директоры Александр Медведев жартылай қорғаушы Зелимхан Бакаевпен келісімшарт жасағанын хабарлады, деп жазады "Спорт-Экспресс".
25 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы "Зенит" сапына еркін агент ретінде ауысып, қазақстандық Нұралы Әліптің командаласы атанды.
"Келісімшартқа қол қойылды. Плюс бір жүйесі бойынша", - деді Медведев.
Айта кетейік, "Зенит" сапында 22 жастағы Нұралы Әліп жалда ойнайды.
Ал Бакаев болса мәскеулік "Спартак" командасының тәлімгері. Ол өткен маусымда "Спартак" сапында 36 кездесу өткізіп, үш гол соғып, сегіз нәтижелі пас берді.
Жарнама