Нұралы Әліптің қайда ойнайтыны белгілі болды

8 желтоқсан 2022 17:44
©Зенит ФК

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп спорттық жолын "Зенитте" жалғастырады, деп хабарлайды СпортРадар.kz.

Белгілі болғандай питерлік клуб "Қайраттан" қорғаушыны сатып алды. Келісімшарт 4 жылға (3+1) жасасқан.

"Әзірге қаржылай жағын ашып айта алмаймын. Алайда қазақ футболының тарихындағы ең қымбат трансфер болды. Сонымен қатар, Әліпке Мәскеудің тағы бір үлкен клубы қызығушылық танытқан. Ал Әзірбайжаннан ұсыныстар түсті деген әңгімелер шындыққа жанаспайды", - делінген арна жазбасында.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының қорғаушысы ресейлік командада 2022 жылдың ақпан айынан бері жалда өнер көрсетіп келді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport