Нұралы Әліптің бәсекелесі Англия чемпионатына ауысуы мүмкін

©Вячеслав Евдокимов

"Зенит" қорғаушысы Деян Ловрен жуырда Англия чемпионатына қайта оралуы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Футболшы осыған дейін, "Саутгемптон" және "Ливерпуль" командаларында ойнаған.

Хорватия құрамасының сапында 2018 жылы Ресейдегі әлем чемпионатының финалына дейін шыққан Ловрен "Вест Хэм" клубына ауысуға жақын. 2020 жылы "Ливерпульден" Санкт-Петербугтің "Зенитіне" ауысқан ойыншы ресейлік командада 55 матчта 2 гол соқты. 2020/21 жылғы маусымда Ресей чемпионы атанды. Сонымен қатар, Ресей Суперкубогінің екі рет ұтты.

Еске салайық, "Зенит" сапында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport