Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп "Зенитке" Ресей кубогінде "Камазды" ойсырата ұтуға көмектесті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нұралы Ресейдегі ресми алғашқы матчін толық ойнады, ал "Зенит" 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Санкт-Петербург қаласының командасы сапында Андрей Мостовой (17 және 48), Юри Альберто (26 және 45), Александр Ерохин (37) және Артем Дзюба (85) гол салды.
Айта кетейік, Нұралы мұның алдында Ресей чемпионаты матчінде "Зенит" сапында ойнау керек болған, алайда, алаңға шыққан жоқ.