Нұралы Әліппен кездескен Аршавин қорғаушыға сәттілік тіледі

©Қайрат ФК

"Қайрат" пен Ресей құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Анедрей Аршавин "Зенитте" жүрген Нұралы Әліппен кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қос спортшы кезінде "Қайрат" сапында бірге ойнағанын айта кеткен жөн.

"Ескі таныстардың кездесуі. Солтүстік астанада сәттілік тілеймін!!!", - деген жазба қалдырды Аршавин инстаграм парақшасына салған суретінде.

2016-2018 жылдары Андрей Аршавин "Қайрат" сапында 84 матчта алаңға шығып, 24 гол соқты. "Халықтық" командамен бірге Қазақстан чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері атанды. Сонымен қатар, Қазақстан Кубогін екі рет ұтты және Суперкубок жеңімпазы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport