Нұралы Әліп "Зениттен" кете ме? Қорғаушыға қатысты нақты ақпарат шықты

©"Зенит" ФК

Қазақстандық футболшы Нұралы Әліп грозныйлық "Ахмат" командасына ауыспайды, деп жазады Meta-ratings.kz порталы. 

Қорғаушыға "Зенит" командасы киім ауыстыратын бөлмеде Артем Дзюба мен Арсен Адамовтың ортасынан орын бөлген. Отандасымыз бүгін, 16 ақпан күні "Зениттің" футболшысы ретінде ресми таныстырылуы керек. 

Айта кетейік, бұған дейін бірнеше БАҚ Әліпті "Ахмат" сапына ауысуы мүмкін деген ақпарат таратты. 

"Зенит" командасы Нұралы Әліпті көпшілікке таныстыруды кейінге қалдырды

Еске салайық, 22 жастағы қорғаушы "Зенит" командасымен бірге екі оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Осы жиын барысында ол екі гол да соқты. "Зенитке" барарға дейін Әліп "Қайраттың" негізгі қорғаушыларының бірі болды. Сонымен қоса, ол 2018 жылдан бері Қазақстан құрамасына шақырту алып келеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport