Қазақстан құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп "Зениттегі" болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Чемпионат".
"Менің ары қарайғы болашағым? Ол "Зенит" басшылығына байланысты", - дейді Нұралы.
Еске салайық, 22 жастағы Нұралы "Зенитте" жалға алу құқымен өнер көрсетіп жүр, келісімшарт 2022 жылдың соңына дейін жасалған.