Нұралы Әліп "Зенитпен" келісімшарт жасасты

14 желтоқсан 2022 20:24
©Зенит ФК

"Зенит" клубы Нұралы Әліппен ресми түрде келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы жыл басынан бері "Қайраттан" Ресейдің "Зенитінде" жалда болған еді. Бүгін клубтың сайтында Маңғыстау футбол мектебінің түлегімен 2,5+1 жылдық келісімшарт жасасқаны белгілі болды.

Еске салайық, Нұралы Әліп Қазақстан командасының сапында 22 матчта алаңға шыққан. Ойыншы 2018 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтар айына дейін "халықтың" командасы аталып кеткен "Қайратта" өнер көрсетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport