Нұралы Әліп "Зенитке" өткеннен кейін бірінші рет мәлімдеме жасады

©"Зенит" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп "Зенитке" ауысқаннан кейін бірінші рет мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Жаңа кезең. Жаңа мақсат", - деп жазды 22 жастағы футболшы Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, "Қайрат" командасына тиесілі Нұралы Әліп "Зенит" сапына 2022 жылдың соңына дейін жалға ауысты. 

Ресейлік клуб сапында ол екі оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Ал жолдастық кездесулерде екі гол соғып, ресейлік командамен бірінші жүлдесін жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport