Нұралы Әліп "Зенит" сапында Ресей чемпионатындағы бірінші кездесуін өткізді

©"Зенит" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп "Зенит" сапында Ресей чемпионатындағы бірінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстандық қорғаушы Ресей біріншілігіндегі алғашқы ойынын 20-турда "Уфаға" қарсы кездесуде өткізді. 

Әліп 78-минутта алаңға шықты. Ал оның командасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Еске салайық, бұған дейін Нұралы Ресей кубогінде бірінші ойынын өткізген болатын. 

Айта кетейік, Әліп "Зенит" сапына "Қайраттан" маусым соңына дейін жалға ауысты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport