Нұралы Әліп тағы бір ресейлік клубтың назарын өзіне аударды
Футболдан Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Нұралы Әліп грозныйлық "Ахмат" командасының назарына ілікті, деп жазды "РБ Спорт".
Футболдан Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Нұралы Әліп грозныйлық "Ахмат" командасының назарына ілікті, деп жазды "РБ Спорт".
Ресейлік команда қорғаныс шебін күшейту мақсатында қазақстандық қорғаушыға көз тіккен.
Осыған дейін "Ахмат" үш орталық қорғаушы - Илья Гапонов, Егор Сорокин және Нұралы Әліпті бақылаған. Бірақ командаға алғашқы екі қорғаушының деңгейі ұнамаған. Сосын клуб басшылары назарын Әліпке аударды.
Дегенмен де "Қайраттың" қорғаушысы қазіргі уақытта "Зениттің" сапында жүр. Бұл команда жуық арада отандасымызбен келісімшарт жасағаны туралы хабарлау керек.
Нұралы Әліппен кездескен Аршавин қорғаушыға сәттілік тіледі
Айта кетейік, бүгінгі таңда "Ахмат" командасы сапында Қазақстан құрамасының тағы бір қорғаушысы Марат Быстров өнер көрсетеді.
Жарнама