Нұралы Әліп карьерасына қатысты пікір білдірді

©Зенит ФК

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Зенит-ТВ Youtube арнасында шығатын "Раздевалка" бағдарламасының қонағы болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Сұхбат барысында ойыншы футболға қалай келгені жайлы және алғашқы бапкері Ержан Жаңбыровтың карьерасына қалай әсер еткенін айтты.

"Ол бірінші лигада ойнайтын футболшылармен сөйлесіп, бізге аяқ киім алып беретін. Кезінде "Қайраттан" кеткім келгенде: "Шыдай тұр, мінезің қайда дейтін? Ол маған мотивация берді. Ата-анамды еске алды", - деді футболшы бапкері жайлы.

Еске салайық, Әліп "Қайрат" сапынан "Зенитке" 2022 жылдың соңына дейін жалға берілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар