"Зениттің" бас бапкері Сергей Семак Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпті жалға алу мерзімін ұзартатынын мәлімдеді.
"Менің түсінуімше, Әліптің бoлашағына қатысты шешімді 31 мамырға дейін қабылдау керек еді. Ол қазір ұлттық құрама сапында жүр, сондықтан бізге сәл кейінірек қосылады. Жалдау мерзімі жыл немесе маусымның соңына дейін ұзартылуы тиіс - бұл мәселені нақтылау қажет. Соңғы матчтан кейін ұлттық құрамаға кеткен жігіттер 10 күндік демалыс алады, ал содан кейін бізбен бірге жұмыс істейтін болады", - деді Семак "Зениттің" ресми сайтына берген сұхбатында.
Нұралы Әліп - "Қайратқа" тиесілі ойыншы. Қыста ол Зенитке" маусым соңына дейін жалға берілген болатын. Содан бері ресейлік клуб үшін РПЛ-да жеті ойын өткізді және ел чемпионы атанды.