Футболдан Қазақстан құрамасы мен ресейлік "Зенит" командасының қорғаушысы Нұралы Әліп әзірбайжандық командадан ұсыныс алды, деп жазады "Чемпионат" порталы.
"Әліп Әзірбайжаннан ұсыныс алды. Бірақ қорғаушының мақсаты - Ресейде қалу", - деп жазады дереккөз.
Айта кетейік, биыл Ресей біріншілігінде Әліп "Зенит" сапында бар-жоғы төрт ғана кездесу өткізді.
Оның командасы қысқы үзіліске бірінші орынмен кетті. "Зениттің" еншісінде 42 ұпай бар.
Еске салайық, "Зенит" Әліпті алматылық "Қайраттан" жылдың соңына дейін жалға алған болатын.