Нұралы Әліп алаңға шығуы мүмкін. "Зенит" пен "Рубин" матчына тікелей трансляция

©Зенит ФК

Бүгін, 28 ақпан күні Ресей чемпионатының 19-турында "Зенит" пен "Рубин" клубтары кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ойын Санкт-Петербург қаласындағы "Газпром Аренада" өтеді. Бұл кездесуді елорда уақытымен 22:00-ден бастап Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар. Қос ұжым үшін қысқы үзілістен кейінгі алғашқы кездесулерін өткізбек.

Әзірге "Зенит" 38 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында тұрса, 22 ұпайы бар "Рубин" 11-орынға жайғасқан.

Еске салайық, қысқы трансферлік маусымда Нұралы Әліп "Қайрат" сапынан "Зенитке" маусым соңына дейін жалға алынған болатын. Бүгін Қазақстан құрамасының қорғаушысы ресейлік команда сапында алғаш рет ресми матчта алаңға шығуы мүмкін.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар