Қазақстандық футболшы Нұрәлі Әліп даниялық "Митьюлландпен" ойында петерборлық "Зенит" үшін бірінші голын салды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ойын Португалияда Atlantic Cup-2022 турнирі аясында өтті.
40-минутта Клаудиньо алаң бұрышынан шығарған допты Нұрәлі қақпаға дәл соқты. Ойынға ол негізгі құрамда шықты. Қазақстандық футболшы ресейлік клубта бақылауда жүргенін айта кетейік. Команда бапкерлері оған қатысты шешімді екінші оқу-жаттығу жиынынан кейін қабылдайды.