Футбол
19 қазан 18:34

Нұрәлі Әліп гол соққан ойында "Зенит" жеңіске жетті

©

Футболдан Ресей чемпионатының 12-турында "Сочи" мен "Зенит" командалары кездесті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Матчта 3:0 есебімен "Зенит" жеңіске жетті.

Ойындағы бірінші голды 12-минутта Нұрәлі Әліп баспен соқты. Бұл оның осы маусымдағы алғашқы голы. Сондай-ақ соққан голын жақында ғана дүниеден озған "Хан Тәңірі" командасының жас ойыншысы Диас Төлеудің рухына арнады. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от FC Zenit (@zenit_spb)

54-минутта Мантуан Густаво пенальтиді сәтті орындап, есепті еселеді. Үшінші гол да пенальтиден соғылды. Оны 86-минутта Андрей Мостовой орындады.

Осылайша "Зенит" Сочиден 3 ұпай еншілеп қайтты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport