"Норвич Сити" клубының бас бапкері тағайындалды

©Getty images

Англия премьер-лигасында өнер көрсететін "Норвич Сити" клубының бас бапкері тағайындалды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Ағылшындық команданың баспасөз қызметі Дин Смиттің тағайындалғанын мәлімдеді. Оның көмекшісі Крэйг Шекспир болмақ.

Бір қызығы, 50 жастағы маман осыған дейін 2018-2021 жылдары "Астон Вилланың" тізгінін ұстаған еді. Маусымды сәтісіз бастағаны үшін "арыстандардың" ("Астон Вилла") басшылығы Смитті жұмысынан жуырда ғана босатқан болатын. Қазіргі таңда "Астон Вилла" Англия чемпионатында 10 ұпаймен 16 орында келеді. Ал Дин Смиттің жаңа командасы "Норвич Сити" 5 ұпаймен ең соңғы 20-орынға жайғасқан.

Еске салайық, британиялық басылымдар "Норвичтің" тізгінін лондондық "Челсидің" экс-жұлдызы Фрэнк Лэмпард ұстайды деп жазған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: