"Норвегиялық Месси" мадридтік "Реалға" қайтудан бас тартып отыр

Сурет: Football.ua
Жалға беру құқымен "Реал Сосьедад" сапында ойнайтын "Реалдың" жартылай қорғаушысы Мартин Эдегор 2019/2020 маусымы аяқталғанда мадридтік клуб сапына оралғысы келмейді, - деп хабарлайды Noticias de Gipuzkoa.

Эдегордың жалға беру келісімі 2020/21 маусымына дейін есептелген. 21 жастағы футболшы сан-себастьяндық клубта тағы бір маусым қалғысы келетінін туралы "Реал" басшылығына хабарлаған. Эдегор Примерада көбірек ойын тәжірибесін жинап барып мадридтік клубқа оралғысы келеді. Мұның алдында "Реал" басшылығы норвегиялық ойыншыны қайтаруды қарастырып отырғаны хабарланған.

Биылғы маусымда Эдегор Испания Примерасындағы 23 матчте төрт гол салып, алты ассист жасаған. Айта кетейік, The Sun таблойды оны әлем бойынша "жаңа Мессилер" тізіміне қосып, Эдегор "норегиялық Месси" атанған.