Футболдан Норвегия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Джон Карью салықтан жалтарғаны үшін 14 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.
Осло қаласының соты Джон Карью 2017 және 2019 жылдар арасында өзінің табысын жасырған. Сондықтан ол түрмеге қамалып отыр. Одан бөлек шабуылшы, 45 353 фунт көлемінде айыппұл төлейді.
Негізі Карьюдің жаза мерзімі бұдан да көп болуы мүмкін еді. Бірақ, шабуылшы салықтан әдейі жалтарғаны нақты дәлелденген жоқ. Сол үшін сот тек 14 айға оны бас бостандығынан айырды.
Айта кетейік, Карью клубтың деңгейде "Вест Хэм", "Сток Сити", "Астон Вилла", "Лион", "Бешикташ", "Рома", "Валенсия", "Русенборг" командаларында ойнаған.
Ал ұлттық құрамасында ол 1998-2011 жылдар аралығында өнер көрсетіп, 91 кездесуде 24 гол соққан.