2026 жылғы 25 қыркүйек - Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні
Футбол
Бүгін 11:03
 

Норвегия Холандтың дублі арқасында Ұлттар лигасында Данияны ұтты

  Пікірлер

blog.share

Норвегия Холандтың дублі арқасында Ұлттар лигасында Данияны ұтты ©Depositphotos/thenews2.com

Норвегия құрамасы Ослода өткен Ұлттар лигасының матчында Данияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Алаң иелері 3:2 есебімен басым түсті.

blog.share

Норвегия құрамасы Ослода өткен Ұлттар лигасының матчында Данияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Алаң иелері 3:2 есебімен басым түсті.

Норвегиялықтар матчты жоғары қарқынмен бастап, 18-минутқа қарай айқын басымдыққа ие болды. Алдымен 14-минутта Оскар Бобб қарсыластар қақпасын дәл көздесе, араға төрт минут салып Эрлинг Холанд өз командасының басымдығын еселеді.

Дания есеп айырмасын тез қысқартты. 25-минутта Миккель Дамсгор допты қақпаға бағыттап, өз құрамасына камбэк жасауға мүмкіндік берді. Екінші таймда (50-минутта) даниялықтар сапынан Расмус Хойлунд таразы басын теңестірді.

Алайда матчтың соңғы бөлігінде - 74-минутта Холанд тағы да гол соғып, дубль жасады және командасын қайтадан алға шығарды.

Айта кетейік, қосымша уақытта норвегиялықтар алаңда бір ойыншыға кем қалды. 90+3-минутта қорғаушы Давид Мёллер Вольфе қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Ұлттар лигасының 4-тобындағы екінші турда Норвегия 27 қыркүйекте өз алаңында Португалиямен ойнайды. Сол күні Дания өз алаңында Уэльспен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!