Норвегия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алтыншы турда Данияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Копенгагенде өтіп, алаң қонақтардың пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Матч барысында алаң иелері 2:0 есебімен алға шыққанымен, басымдықтарын сақтап қала алмады.
Дания құрамасы сапында Расмус Хойлунд (11-минут) пен Пьер-Эмиль Хейбьерг (14-минут) гол соқты. Ал Норвегия құрамасының сапында Эрлинг Холанд дубль жасады (37 және 90+6-минуттарда, пенальтиден). Сонымен қатар Мартин Эдегор да (84-минут) мергендік танытты.
Осылайша, Норвегия тоғыз ұпай жинап, топта екінші орын алды және турнирдің ширек финалына жолдама иеленді. Дания да дәл осындай ұпай жинағанымен, қосымша көрсеткіштер бойынша үшінші орынға тұрақтады. Енді даттар А лигасындағы орнын сақтап қалу үшін шешуші матчтарға қатысады.
Алты турдан кейінгі А лигасының 4-тобындағы жағдай:
Португалия – 15 ұпай;
Норвегия – 9 ұпай;
Дания – 9 ұпай;
Уэльс – 3 ұпай.
Жарнама