1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Бүгін 12:59
 

Норвегия әлем чемпионатына апаратын құрамын жариялады

  Пікірлер

blog.share

Норвегия әлем чемпионатына апаратын құрамын жариялады ©x.com/nff_landslag

Норвегия құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Норвегия құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Құрама сапына барлығы 26 футболшы енгізілді. Тізімде “Манчестер Сити” шабуылшысы Эрлинг Холанд, Лондонның “Арсенал” клубының жартылай қорғаушысы әрі капитаны Мартин Эдегор, сондай-ақ, мадридтік “Атлетиконың” форварды Александер Сёрлот бар.

ЧМ-2026 турниріне арналған Норвегия құрамасы:

Қақпашылар:

Эрьян Нюланд (“Севилья”), Эгиль Сельвик (“Уотфорд”), Сандер Тангвик (“Гамбург”).

Қорғаушылар:

Юлиан Рюэрсон (“Боруссия” Дортмунд), Кристоффер Айер (“Брентфорд”), Лео Эстигор (“Дженоа”), Давид Мёллер Вольф (“Вулверхэмптон”), Маркус Хольмгрен Педерсен (“Торино”), Торбьорн Хеггем (“Болонья”), Фредрик Андре Бьоркан (“Буде-Глимт”), Хенрик Фальхенер (“Викинг”), Сондре Лангос (“Дерби Каунти”).

Жартылай қорғаушылар:

Мартин Эдегор (“Арсенал”), Сандер Берге (“Фулхэм”), Патрик Берг (“Буде-Глимт”), Кристиан Торстведт (“Сассуоло”), Мортен Торсбю (“Кремонезе”), Телло Осгор (“Рейнджерс”), Андреас Шельдеруп (“Бенфика”), Йенс Петтер Хауге (“Буде-Глимт”), Фредрик Аурснес (“Бенфика”).

Шабуылшылар:

Эрлинг Холанд (“Манчестер Сити”), Александер Сёрлот (“Атлетико”), Йорген Странд Ларсен (“Кристал Пэлас”), Оскар Бобб (“Фулхэм”), Антонио Нуса (“РБ Лейпциг”).

Айта кетейік, Норвегия құрамасы 28 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпионатына қатыспақ. Бұған дейін команда мундиальға тарихында небәрі үш рет жолдама алған.

Норвегиялықтардың әлем чемпионатындағы ең үздік нәтижесі - 1938 және 1998 жылдары 1/8 финалға жеткені болған.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!