Нидерланды құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

сурет: getty images

Франк де Бур Нидерланды құрамасының жұмысынан кетті деп хабарлайды корольдік футбол одағының баспасөз қызметі.

"Нидерланды құрамасымен келісім-шартымды созбаймын. Өкінішке қарай бапкерлік штабтың алдына қойылған мақсатты орындай алмадым. Маған бұл жұмысты ұсынғанда жауапкершілікті, сонымен қатар жанкүйерлер тарапынан жасалынатын қысымды алдын ала білгенмін. Қазіргі таңда жанкүйерлер тарапынан қысым ушығып тұр. Бұл ретте команданың ойыншылары мен Нидерланд халқынан кешірім сұраймын. Маған құраманы сеніп тапсырған басшылыққа алғыс айтқым келеді, - дейді Франк де Бур.

Еске салсақ, Еуро-2020 жарысының 1/8 финалында голландиялықтар Чехия құрамасына 2:0 есебімен ұтылған болатын.

Метки:
Жаңалықтар