2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Нидерланды мен Марокко құрамалары өзара кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.
Плей-офф кезеңіндегі матч 30 маусым күні Мексиканың Монтеррей қаласында өтеді. Ойын Астана уақытымен 06:00-де басталады.
Нидерланд құрамасы F тобында жеті ұпай жинап, бірінші орынмен плей-оффқа өтті. Роналд Куман шәкірттері топтық кезеңде Жапониямен 2:2 есебімен тең түсіп, Швецияны 5:1 есебімен ойсырата жеңді, сондай-ақ Тунисті 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Марокко құрамасы С тобында жеті ұпаймен екінші орын алды. Олар тек қосымша көрсеткіштер бойынша Бразилиядан қалып қойды. Турнирдің алғашқы турында екі команда 1:1 есебімен тең ойнаған болатын. Бұдан кейін марокколықтар Шотландияны 1:0, ал Гаитиді 4:2 есебімен ұтты.
Айта кетейік, бұл матч екі құрама үшін де АҚШ аумағынан тыс жердегі алғашқы ойын болмақ. Нидерланды құрамасы топтық кезеңдегі кездесулерін Арлингтон, Хьюстон және Канзас-Ситиде өткізсе, Марокко Ист-Рутерфорд, Фоксборо және Атланта қалаларында өнер көрсетті.
Жарнама