Нидерландтық музыкалық топ ЕУРО-2020 әнұранын жария етті

U2 және Мартин Гаррикс. Сурет: Festival Season

Нидерландтық диджей Мартин Гаррикс және U2 рок тобы футболдан Еуропа чемпионатының ресми әнұранын жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сингл We Are The People - "Біз адамбыз" деп аталады. Мұның алдында музыкант синглдың аяқталғанын өзінің әлеуметтік желісі арқылы құлақтандырған. 

Музыкалық туынды бүгін, 14 мамыр, Гаррикстің туған күнінде жарыққа шықты.

Еске салайық, Еуро-2020 турнирі 11 маусым мен 11 шілде аралығы Еуропаның 11 елінде өтеді. Матчтер Лондон, Рим, Мюнхен, Баку, Санкт-Петербург, Будапешт, Севилья, Бухарест, Амстердам, Глазго және Копенгаген сияқты қалаларда болады. Ал финал мен жартылай финал "Уэмбли" стадионында өтпек.