Нидерланд құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

©FIFA

Нидерланд құрамасы футболдан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Нидерланд футболшылары мундиальдағы алғашқы матчін Сенегал құрамасына қарсы өткізді. Африкалық команданың жұлдызы Садио Мане жарақатына байланысты турнирден шет қалған болатын.

Соған қарамастан Сенегал құрамасы кездесу соңына дейін 0:0 есебін ұстап тұрды, Нидерланд командасына қарағанда қауіптірек шабуылдады.

Ойын тағдыры матч соңына қарай шешілді. 84-минутта Коди Гакпо айып алаңына асырылған пасты басымен қақпаға дәл бағыттады. Бұл нидерландтық футболшылардың қақпаға дәл жасалған алғашқы соққысы болатын.

Ал кездесудің бітуіне 20 секундтай қалғанда Дэви Классен матч нүктесін қойды. Қорытынды есеп - 2:0, Сенегал сенсация жасауға өте жақын болған, бірақ ұтылып қалды.

Командалар келесі матчін 25 қарашада өткізеді. Нидерланд мен Эквадор топтағы бірінші орынға таласады. Ал Сенегал турнир қожайыны Катармен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport