Бразилиялық шабуылшы Неймар ПСЖ сапынан кетуді ойлап жүрген жоқ. RMC Sport мәліметінше, футболшы клубтан өз еркімен кетпейді.
Мұның алдында бірақатар БАҚ-та клуб бразилиялықты сатуы мүмкін деген ақпарат шыққан болатын. Алайда футболшы клубтан кеткісі жоқ және бар назары алдағы Чемпиондар лигасында.
Футболшының командаға көзқарасы өзін трансферге шығарып тастаса ғана өзгеруі мүмкін.