Бразилияның футбол құрамасының белді ойыншысы Неймар жарақат салдарынан 2026 жылғы ӘЧ-ге іріктеу турнирінің Уругвайға қарсы матчтің бірінші таймын да аяқтай алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
31 жастағы футболшы бірінші таймының соңғы секундтарында тізеден жарақат алып қалды. Оның ауырлығы сонша футболшыны алаңнан зембілге салып алып кетті. Неймар тіпті көз жасын тоқтата алмады.
Бұл матчте Дарвин Нуньес пен Николас де Ла Крус гол салып, 2:0 есебімен Уругвай жеңіске жетті.
Уругвай 22 жылда алғаш рет Барзилияны әлем біріншілігіне іріктеу турнирінде ұтып отыр. Сонымен қоса, Уругвай КОНМЕБОЛ (Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы) іріктеу турнирінде Бразилияны 8 жылда алғаш ұтқан команда болып отыр.