Футбол
27 тамыз 16:25

"Неймардың кебін киесің". "Барса" бапкері Ямальға ескерту жасады

©Depositphotos.com/Musiu0

"Барселонаның" 18 жастағы вингері Ламин Ямальдың өмірі соңғы бірнеше айда күрт өзгерді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Don Balon басылымының мәліметінше, "Ла Масия" академиясының түлегі Ламин Ямаль бүгінде әлемдік деңгейдегі футбол жұлдызына айналды. Оның әрбір қадамы мыңдаған камераның назарына ілігеді, ал БАҚ өкілдері оның тек алаңдағы емес, алаңнан тыс өмірін де жіті бақылауда ұстап отыр.

Бұл жағдай "Барселонаның" бас бапкері Ханси Фликкенің алаңдаушылығын тудыруда. Маман жас футболшының кәсіби көзқарасына күмәндана бастағанын жасырмайды. Клуб ішінде Ламинге ерекше шыдамдылықпен қарау керектігі мойындалған: ол әлі жас, әрі қателікке құқығы бар. Ең бастысы – қателіктерін мойындап, сабақ алып, дамуын жалғастыру.

Алайда Фликтің айтуынша, жас футболшыны қоршаған ортаның ықпалы оны қауіпті жолға итермелеуі мүмкін. Маман Ямаль Неймардың жолын қайталайды деп қорқады.

Қиындықтар Ники Никольмен қарым-қатынастан кейін басталды

Бұған дейін тек қауесет ретінде тараған ақпарат расталды – Ламин Ямаль мен аргентиналық рэп-орындаушы Ники Николь ресми түрде жұп болды. Бірақ мәселе қарым-қатынастың өзінде емес, бұл жаңалықтың БАҚ тарапынан үлкен назар тудыруында. Бұл жас ойыншыны алаңдатып, дамуына кедергі келтіруі мүмкін фактор.

Тәртіп бәрінен жоғары

Фликтің айтуынша, жас ойыншы ешқандай тәртіп бұзуға жол бермеуі керек: кешіксе – орындықта қалады, нашар ойнаса – ауыстырылады, алаңнан тыс проблемалар туындаса – кешірім сұрауы қажет.

Ламин жауапкершілікті сезінуді үйренуі керек, әйтпесе оның болашағы да Неймар сияқты тұрақсыз болуып кетеді деген қауіп бар. Осылайша, Ламин Ямальдің айналасындағы кеңейіп келе жатқан күрделі орта – "Барселона" клубының және оның бапкері Ханси Фликтің басты уайымына айналды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport