"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы кіші Неймардың әкесі Неймар да Силва Сантос ұлының франциялық клубтан кетеді деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мұның алдында L’Équipe басылымы бразилиялық ойыншы ПСЖ басшылығына клубтан кететінін ескертті деп хабарлаған болатын.
"Мен болмаған жаңалықты растай алмаймын. L’Equipe - ол L’Efake!", - деп береді Сантостың сөзін Premier League Brasil.