Неймардың әкесі тойлатамын деп қабырғасын сындырып алды

©instagram.com/neymarjr

Бразилия құрамасының жеңісінің құрметіне орай ұйымдастырылған отырыстан Неймардың әкесі емханадан бір-ақ шықты, деп жазады Sport.es порталы. 

Танымал футболшының әкесі Бразилия құрамасы Тунисті 5:1 есебімен жеңгеннен кейін отырыс жасауды жөн көрген. Бұл ойында Неймар да гол соққан болатын. 

Отырыс кезінде футболшының әкесі баспалдақтан құлап, қабырғасын сындырып алды. Сосын оны дәріханаға алып кеткен. 

Айта кетейік, Туниске қарсы кездесумен Бразилия құрамасы қараша айында басталатын әлем чемпионатына дайындығын аяқтады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар