Неймардың әкесі фотографқа тап берген - БАҚ

Reuters©
ПСЖ және Бразилия құрамсының шабуылшысы Неймардың әкесі жанжалға ілікті. Оқиға форвардтың жарақат салдарынан Америка Кубогында ойнауға рұқсат бермейтін құраманың жиын орнынан шығып бара жатқанда болған, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" порталы Mundo Deportivo басылымына сілтеме жасап.

Әуежайға келісімен Неймардың әкесі футболшыны түсіріп алғысы келген фотографқа қақтығысып қалған. Ол камераны лақтырып жіберген, алайда, фотограф екінші аппаратты пайдаланаған.

Форвард Бразилия құрамасының Катармен жолдастық кездесуінде (2:0) жарақат алған еді. 
Жаңалықтар