Неймарды зембілмен алып кетті. ПСЖ чемпионатта төртінші рет ұтылды

14 желтоқсан 2020 12:18
Сурет: eurosport

ПСЖ футболдан Франция чемпионатында төртінші рет ұтылды, бұл жолы 14-ші тур аясында "Лионға" есе жіберді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын Париждегі "Парк-де-Пренс" стадионында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Шешуші голды 35-ші минутта Тино Кадевере салды.

Ал 90+6-шы минутта Неймарға жасалған дөрекі фолл үшін "Лион" сапынан Тьяго Мендес алаңнан қуылды. ПСЖ шабуылшысын зембілмен алып кетті.



Осылайша, ПСЖ 28 ұпаймен жиырма команда арасында үшінші келеді, ал "Лион" 29 балл жинап, екінші орынға көтерілді.