1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Бүгін 11:27
 

Неймарды ӘЧ алдында Бразилия құрамасынан шығарып тастады

  Пікірлер

blog.share

Неймарды ӘЧ алдында Бразилия құрамасынан шығарып тастады ©x.com/cbf_futebol

Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында өтетін Египетпен жолдастық матчқа қатысатын құрамын анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында өтетін Египетпен жолдастық матчқа қатысатын құрамын анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Meia Hora басылымының мәліметінше, "селесаоның" жұлдызды шабуылшысы Неймар бұл кездесуге қатыспайды. Анчелотти 34 жастағы футболшыны алдағы матчтың өтінімінен алып тастаған.

Анчелотти бастаған жаттықтырушылар штабы Неймарды АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы базада қалдыру туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта Бразилия құрамасы дәл осы жерде әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Қазір 34 жастағы шабуылшы оң аяқ балтырының бұлшықет жарақатын емдеуден өтуде. Осыған байланысты бапкерлер оның денсаулығына қауіп төндірмеуді жөн көрген.


Бразилия мен Египет құрамалары арасындағы жолдастық кездесу 7 маусым күні АҚШ-тың Кливленд қаласында өтеді. Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Карло Анчелотти шәкірттері Гаити, Шотландия және Марокко құрамаларына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Бразилия құрамасының ресми тізіміне енгізілген. Неймар Бразилия ұлттық құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген саналады. Оның еншісінде ұлттық құрама сапындағы 79 гол бар.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!