Неймар ұсынысты талқыламастан "Барселонамен" келісімге келді

© Soccernews.ru
"Пари Сен-Жермен" және Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймар каталондық "Барселонамен" ауызша келісімге келді, - деп хабарлайды Sport.es.

Ақпарат бойынша, тараптар бес жылдық келісімшартты сөз еткен. Бразилиялық футболшы ештеңе талқыламастан ұсынысты қабыл алғанға ұқсайды, өйткені, оны қайтару үшін клубтың қандай қиындықтарға барарын біледі.

Келісім шарттары бойынша Неймар қазіргіден бір жарым есе аз ақы алатын болады. Қазіргі таңда 27 жастағы форвард ең табысты футболшылар тізімінде екінші - жылына 37 миллион еуро.  Бірінші орында Леонель Месси. "Барселонада" бразилиялыққа 24 миллион төленетін болады. 

Каталондықтар сапына оралу үшін Неймар 2017 жылы ПСЖ-ға ауысуы қателік болғанын мойындап, жанкүйерлер алдында кешірім сұрауға дайын. 

Футболшының ПСЖ-мен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Өткен маусымда бразилиялық футболшы Франция чемпионатындағы 17 ойында 15 гол салды және жеті нәтижелі пас берген. 
Жаңалықтар