Келісім шарттары бойынша Неймар қазіргіден бір жарым есе аз ақы алатын болады. Қазіргі таңда 27 жастағы форвард ең табысты футболшылар тізімінде екінші - жылына 37 миллион еуро. Бірінші орында Леонель Месси. "Барселонада" бразилиялыққа 24 миллион төленетін болады.
Каталондықтар сапына оралу үшін Неймар 2017 жылы ПСЖ-ға ауысуы қателік болғанын мойындап, жанкүйерлер алдында кешірім сұрауға дайын.
Футболшының ПСЖ-мен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Өткен маусымда бразилиялық футболшы Франция чемпионатындағы 17 ойында 15 гол салды және жеті нәтижелі пас берген.