Неймар ПСЖ мен Месси туралы күтпеген мәлімдеме жасады

©SPORTRBC.RU

Бразилиялық шабуылшы Неймар жуырда берген сұхбатында "Пари Сен-Жерменде" өткізген уақытын тозаққа теңеп, "Барселонаны" сағынағын айтты, деп жазады Vesti.kz.

Қазіргі таңда саудиялық "Әл-Хиләл" сапындағы Неймардың "Барселонадан" кеткеніне алты жылдай уақыт болды. Ол ПСЖ-ға өте үлкен ақшаға ауысқан. Алайда қазіргі уақытқа дейін каталондық клуб туралы қимастықпен айтады. 

"Барселонаны" сағындым. Парижде өткен уақытым туралы көп ойландым. Лионель Мессимен бірге Парижде тозақтан өттік. Біз бұрынғы командамызды қатты сағындық", - дейді Неймар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport