Футбол
15 ақпан 2018 11:13
 
Неймар өзіне сары қағаз көрсеткен төрешіден кек алды

  Пікірлер

blog.share

Неймар өзіне сары қағаз көрсеткен төрешіден кек алды © ЕРА

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында "Реал" мен "Пари Сен-Жармен" арасында өткен бірінші ойында келеңсіз жағдай болды. 

Оқиға екінші таймның ортасында болды. Неймар допты қарсыластардың айып алаңына шығарғысы келген сәтте, доп тура барып төреші Джанлука Роккидың басына тиді. Салдарынан италиялық маман бірнеше секундқа есеңіреп, ойын тоқтатылды. 

Бірінше таймда Рокки бразилиялық ойыншыға сары қағаз көрсеткен еді. Осылайша, Неймар төрешіден кек алды, бірақ әрине әдейі емес. 

Мадридте өткен ойын 3:1 есебімен "Реал" пайдасына шешілді. Қарымта кездесу 6 наурызда Парижде өтеді. 

Жарнама

Живи спортом!