Неймар неге мазасыз күйге түскенін айтты

Бразилия құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Неймар коронавирус пандемиясы салдарынан маусымның қайта жалғасуы белгісіздікке тап болып тұрғанына алаңдап отыр.

"Алаңға қашан оралуға болатынын белгісіз болғандықтан мазасызбын. Ойынды шынымен сағындым, жарыстарды, клубтағы ортаны, командалас жолдастарымды. Жанкүйерлер де бәрін тезірек алаңда көргісі келетініне сенімдімін. Жақын арада шешім қабылданады деп үміттенемін", - деп келітреді Неймардың сөзін оның ресми сайты. 

Франция чемпионаты наурызда тоқтаған болатын. Осы аптада елдің футболдан кәсіпқой лигасы (LFP) жоспарлардың бірі бойынша чемпионатты 17 маусымда жандандырып, 25 шілдеде аяқтауды қарастырып отырғаны хабарланған. 

Биылғы маусымда Неймар 1 Лиганың 15 матчінде 13 гол салып, төрт ассист жасады.