Неймар мен Мессидің көмегі болмады. ПСЖ Франция кубогінен шығып қалды

©"Чемпионат"

"Марсель" Франция кубогінің 1/8 финал кезеңінде "Пари Сен-Жермен" клубын жарыстан шығарып жіберді, деп хабарлайды Vesti.kz

Марсельдегі "Велодром" стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаз команда сапында Алексис Санчес (31-минут, пенальти) және Руслан Малиновский (57) гол салды. Париждік командадан жалғыз голды Серхио Рамос (45+2) соқты. 

Бұл кездесуге париждіктердің көшбасшы шабуылшылары Месси мен Неймар негізгі құрамда шығып, матч біткенше ойнады. Алайда командасына еш көмектсе алмады. 

Ал Франция чемпионатында ПСЖ 54 ұпаймен бірінші орында, "Марсель" (46) екінші екенін айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport