Ланста өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды, ойындағы жалғыз голды 57-ші минутта Игнатиус Ганаго салды. Бұл кездесуде париждік команда сапында Неймар, Килиан Мбаппе, Анхель ди Мария, Маркиньос, Леандро Паредес сияқты мықты футболшылар түрлі себептермен болған жоқ.
Неймар мен Мбаппе коронавируске шалдыққандықтан қатыспады.
ПСЖ үшін бұл Франция чемпионатының биылғы маусымындағы бірінші ойын. "Ланс" бірінші жеңіске жетті.
Томас Тухель жаттықтыратын команда Чемпиондар лигасына қатысқандықтан, ПСЖ үшін Франция чемпионатындағы бастапқы екі матч кейінге шегерілген еді.