Неймар мен Мбаппенің алауыздығында Мессидің қандай позиция ұстанғаны айтылды
ПСЖ клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси командаластары - Килиан Мбаппе мен Неймардың арасындағы алауыздықты тоқтатуға тырысқан, деп хабарлайды Vesti.kz со сайты GFFN-ге сілтеме жасап.
ПСЖ клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси командаластары - Килиан Мбаппе мен Неймардың арасындағы алауыздықты тоқтатуға тырысқан, деп хабарлайды Vesti.kz со сайты GFFN-ге сілтеме жасап.
Месси командаластарының ара-қатынасына араласқанды ұнатпайды екен, алайда, бұл жолы алауыздықты тыйюға тырысыпты.
13 қыркүйекте Неймар алаңдағы Мбаппенің өзімшілдігіне наразы екені белгілі болды, ал франциялық ойыншы өз кезегінде бразилиялықтың командаға ықпалы артып келе жатқанын жақтырмапты. Басты шабуылшылардың бұл жанжалы командаға кері әсер етуі мүмкін. Осы себепті клуб жиналыс өткізіп, мәселені шешуге тырысқан.
Неймар мен Мбаппе арасындағы алауыздық Чемпиондар лигасындағы ПСЖ мен "Ювентус" матчінен басталды. Франциялық шабуылшы бразилиялық командаласына бос тұрған қақпа алдында пас бермей, өзі теуіп добы қисық кетті. Матч 2:1 есебімен франциялықтардың пайдасына аяқталды.
Жарнама